Теріскейге барып жылыжай ісін қолға алған отбасы

314
05.10.2022 07:48

Еліміздің олтүстік аймақтарында қар жауып, қыстың алғашқы ызғары сезілуде. Оңтүстіктен қоныс аударып барушыларға ерте келетін суық ерекше әсер ететіні анық. Алайда, қытымыр аяз еңбек адамы үшін кедергі емес. Сарыағаш қаласынан Мағжан Жұмабаев ауданына қоныс аударған Сансызбаевтар отбасы сөзімізге дәлел. Үйдің отағасы бақшаны толықтай жылыжайға айналдырып, жыл он екі ай өнім алуда. Ол өз кәсібін бастауға бар болғаны 30 000 теңге қаражат жұмсаған екен. Себебі, біздің өңірдегідей топырақты құнарландырып әуре болудың қажеті жоқ.