Жетісайда бір алқаптан 2-3 өнім алатын шаруалар көбейген

308
05.10.2022 07:21

Жетісайлық шаруалар бір алқаптан жылына екі-үш өнім алып, табысқа кенелуде. Қара жерден ризық-несібесін тауып отырғандардың бірі Хамит Тұрсынбеков. Шаруа биыл көктемде үш гектар жерге орамжапырақ, үш гектар жерге қарбыз еккен. Сосын оны жинап алып, екінші өнім ретінде үш гектар жерге маш дақылын, бір гектарға қырыққабаттың Бухарест деген сортын егіпті. Көкөніс қазан айының соңында өнім бермек. Айта кетсем, өңірде биыл бір жерден 2-3 өнім алушы шаруалардың қатары артқан. Яғни, өткен жылы 155 шаруа қожалық бұл бағытта жұмыс жүргізсе, аудан әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде биылғы жылы 185 қожалық бір жерден 2-3 өнім алуға қызығушылық танытып отыр.