Қазақстанда алғаш рет қой қырқудан чемпионат өтті. Алматы облысында өткен жарысқа қатысқан 22 үміткер екі сағат ішінде 300-ден астам қойды қырқып үлгерген. Сайыс талабы бойынша үміткер санаулы уақыт ішінде 15 қойды қырқып бітуі тиіс. Дегенмен әр қатысушының жылдамдығы әрқалай болған. Қатысушылардың бірі қойды бір минуттан аса қырықса, енді бірі төрт минут жұмсаған. Нәтижесінде ең шапшаң қатысушы Жамбыл облысының тумасы Нұрбол Кең сайыс жеңімпазы атанды. Ол 27 минутта 15 қой қырқып, рекорд орнатты. Жүлдеге 150 мың теңге мен құны мың еуро тұратын немістің қой қырқатын машинасы берілген. Ал сайыста жеңімпаз атанғандар түгел Германия мен Шотландияда өтетін әлем чемпионатының жолдамасына ие болды.
️