Түркістанда ұрлық-қарлық көбейген

476
04.10.2022 11:19

Түркістан облысында қылмыстар саны артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері құқық бұзушылықтар 1,7 пайызға өссе, оның ішінде ауыр қылмыстар 4 пайызға артқан. Ал ауырлығы орташа қылмыстар саны 7,6 пайызға көбейіпті. Мәселе қалай шешілмек? Қылмыстың көбейуіне не себеп? Тілші репортажында толығырақ.  

Қылмыс түрлері де, оны жасаушылардың саны да күннен күнге көбейіп келеді. Әсіресе, меншікке қатысты ұрлық-қарлық белең алып тұр. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда ұрлық 9,5 пайызға, оның ішінде пәтер ұрлығы 46,4 пайызға ,мал ұрлығы 4,8 пайызға артыпты. Одан бөлек, интернет алаяқтық та өршіп тұр.  

ЕРБОЛ ТҰРСЫНБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ - Қылмыс жасауға құныққандардың көбісі жұмыссыздар көрінеді. Жыл басынан бергі 2300 ге жуық қылмыс дәл осы санаттағылардың қатысуымен жасалған. Осы орайда, үйлестіру кеңесінің мүшелері қылмыстың алдын алу үшін жұмыссыздықпен күрестің де маңызы зор екенін айтады. Сондай-ақ, отырыста әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстары талқыланды. Жалпы биыл уәкілетті органдармен 8,5 млрд. Теңге әкімшілік айыппұл салынған екен. Бүгінде оның тең жартысы ғана өндіріліпті.

ХУРСАНБЕК ЮНУСОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА АҒА ПРОКУРОРЫ - Бұдан бөлек, құзырлы орган өкілдері «ТҮРКІСТАН- ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» бағдарламасын қолға алу әрі қарай жалғасуда дейді. Яғни, алдағы уақытты Түркістан құқық бұзушылықсыз, ішімдіксіз, рухани астана деген атауына сай болмақ.