Алматыда 40 жастағы ер адамды ұрлап әкетіп, 200 мың доллар талап еткен. Оқиға Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Күдіктілер туыстарына хабарласып, ақша сұрап, бопсалаған. Қаражатты бермеген жағдайда денесіне есірткі саламыз деп қорқытқан. Осыдан соң жұбайы құқық қорғау органдарына жүгінген. Дереу жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер Түрксіб ауданындағы қоймаларды тінтіп, жәбірленушіні және 4 адамды ұстады. Оны күдіктілер қатты соққыға жыққан Олардың бұрын бопсалау және түрлі бұзақылықтар үшін сотталған. Күдіктілер қамауға алынды.
️