Түркістан облысында ардагерлер мен қарттарға құрмет көрсетілді

342
04.10.2022 10:59

Түркістан облысында 179 мыңнан астам қарттар мен ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында түрлі жұмыстар атқарылуда. Олардың мәдени-рухани өмірге белсене араласуына қолайлы жағдай жасалып жатыр. Соның бір айғағы Түркістан қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды.  Бұл жерге  күніне  70, ал айына 200 зейнеткер келіп тыныға алады. Сондай-ақ, 1 қазан Халықаралық қарттар күні қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір ақсақалдары мен ардақты әжелерді құттықтап, құрмет көрсетті.