Қарттарым асыл қазынам. Дәл осындай атаумен Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында шара өтті. Оның басты мақсаты өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие беру. Айта кетейік салтанатты жиында драмалық қойылым қойылды. Сондай-ақ ұмытылып бара жатқан салт дәстүрлерді көрермен назарына ұсынды. Толығырақ тілші бейнематериялында
Семинар басталмас бұрын, салтанатты жиынға келіп қатысушыларды ерекше ықыласпен күтіп алды. Содан кейін драмалық қойылым қойылды. Онда әйелдің даналығымен бір қауым елді аман алып қалғандығы көрсетіледі. Ханның қатыгез тапсырмасынан ананың айла тауып құтылып кеткені баяндалады.
Салтанатты шарада киіз басып жүн түту өнері көрермендерге таныстырылды. Сондай-ақ балалар алтыбақан, асық ойнап ұлттық ойындарымызды жаңғыртты. Ұйымдастырушылардың айтуынша атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы жастар үшін. Өскелең ұрпақ тәрбие алып, көне дәстүрлерімізді ұмытпаса игі дейді.
Алтын төбе ауыл округінде өткізіліп жатқан, мына қарттар күні ұстаздар күніне тұспа тұс келіп жатқан. Алтын төбе ауылының әжелер алқасымен Өнер Жамал жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан қарттарым асыл қазынам іс шарасына келіп отырсыздар. Жалпы 300 ге жуық адам қатысуда. Ауыл окугіндегі 6 білім ошағы ат салысуда.
Айта кетейік көрермендерге арнап арнайы көрмеде қойылды. Мұнда шеберлер өз қолдарымен жасаған туындылар да бар. Әсіресе тарихы терең Қазығұрт ауданы жайлы дүние көптің ықыласына бөленді.
️