Қарттар күні қарсаңында Кентау қаласында шағын футболдан Республикалық ашық турнир өтті. Оған Алматы Тараз, Қызылорда және Шымкент қаласынан 12 команда келіп, қатысты. 40 жастан асқан аяқдопшылар өзара шеберлік байқасқан жарыстың деңгейі жоғары болды. Жүлде қоры 800 мың теңгені құрайды. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай турнирлер тәжірибе жинауға, шыңдалуға мүмкіндік береді.
Кентау қаласының орталық стадионы. 40 жастан асқан аяқдопшылар жиналған дода. Жарысқа келген былғары доп шеберлері Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың жүрек жарды тілегінен кейін жарысты бастап кетті. Екі күнге созылған жарысты көруге еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін тамашалауға келді.
КЕРІМЖАН СЫРЛЫБАЕВ - КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ - Қала әкімінің кубогы мен қазыналы қарт Абубакир Манамионвты еске алуға арналған республикалық ашық турнир тартысты өтті. Екі күнге созылған жарысқа Алматы, Тараз, Шымкент, Сарыағаш, Түркістан және Кентау қалаларынан былғары доп шеберлері қатысты.
ҒАНИ РЫСБЕКОВ - САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ - Жалпы 12 команда өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша І-орынды Түркістан қаласынан келген "Болашак" командасы алды. Ал 2 орын Алматы, 3 орын Кентау қаласына бұйырды.
ЫХТИЯР МАДАМИНОВ - ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ, КӘСІПКЕР - Салтанатты шараның ең маңызды бөлігінде турнирдің “үздік ойыншыларыда” қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларға арнап арнайы дастархан жайып, құран бағышталды.
️