Бүкіләлемдік туризм күні аталып өтті

773
04.10.2022 10:37

Бүкіләлемдік туризм күні аталып өтті. Кеш Туризм және меймандостық университетінің ұйымдастыруымен болды. WELCOME FRESHMAN атты бірінші курс студенттерін қабылдау кешіне жиналғандардың қарасы қалың. Жалпы іс шараның мақсаты қандай? Жиынға кімдер қатысты? Толығырақ тілші тарқатсын

Нұрасыл Сейдінбек Түркістанның тумасы. Бүгінде Туризм және меймандостық университетінің бірінші курс студенті. Жоғарғы оқу орнының табалдырығын аттай сала білім кілті мен алғыс хатқа ие болған студенттің болашаққа жоспары көп. 

НҰРАСЫЛ СЕЙДІНБЕК - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ - Бүгінгі өткізіліп жатқан дүниежүзілік туризм ісшарасына ең біріншіден өзіміздің басшылыққа рахметімді айтам. Және де бүгінгі марапатталып жатқан барша студенттерді құттықтаймын. Бүгінде ол студенттердің қатарында өзім де бармын. Және де білім кілтін алдым. Осы білім кілтін алу арқылы осы университеттің білім жолындағы жетістіктері көп бола берсін деп тілеймін.

Мерекелік концертке қолдау көрсетуге Астанадан мәдениет және спорт министрлігі туризм комитеті индустриясының төрағасы келді. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары  Сәкен Қалқаманов та өз құттықтауын жеткізді.  Оқытушылар құрмет граммоталармен марапатталып, белсенді студенттер алғыс хаттар алды. Университет ректоры студенттік өмір тек сабақпен ғана шектелмейді дейді.

АЙДОС САКЕНОВ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ - Білім ордасы Түркістанда орналасқан соң бұл туристік дистенация ретінде, туристік бағыт ретінде болған соң осындай ісшара көбірек жүргіземіз деген ниетіміз бар. Бұндай ісшаралар студенттердің көзқарастарын ауыстырады. Олардың жалпы ойларын ауыстырады. Жаңашылдыққа тартады. Осының бәрі студенттерге арнайы жасалып отыр. 

Сонымен қатар аталмыш ісшарада студенттер өз өнерлерін көрсетті. Бірі әуелетіп ән салса, бірі мың бұрала биледі.