Бәйдібек ауданында ортақ жайылым мәселесі шешілуде

340
03.10.2022 09:41

Жайылым мәселесі жұртты алаңдататып отырғаны жасырын емес. Мемлекет басшысы бұған қатысты біршама тапсырма берген еді. Мәселен, жерлердің ең алдымен ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін жеткізді. Бұдан өзге де, түйіткілді тақырыптың түйінін тарқату үшін жеке меншік жайылымдарды ортақ пайдалану жобасы іске қосылған. Қазіргі таңда Ел Президентінің тікелей тапсырмасына сәйкес облыстың барлық аудан қалаларында жүзеге асуда.