1,5 жыл ішінде Сауран ауданында атқарылған жұмыстар

173
03.10.2022 09:17

Сауран ауданында Түркістан облыстық журналисттер одағының ұйымдастыруымен басқосу өтті. Ісшараға ауданның зиялы қауымдары ардагерлер кеңесі және қаламгерлер шақырылды.  Аудан атанғанына 1 жарым жыл болған Сауран ауданда биыл әкімдік ғимараты бой көтерді. Сонымен қатар өңірде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Өрт сөндіру бекетінің және көп қабатты пәтер үйлерге жобалық сметалық құжат әзірленіп, келесі жылы оның құрылысы басталмақ. Сондай-ақ Бабайқорған елді мекенінде "Спорт зал" кешені салынуда. Жыл соңына дейін нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

ҒАНИ РЫСБЕКОВ – САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ – Біз мына жалпы халықты, қоғамды дамыту үшін қандай бірге істер атқарсақ деген сияқты, алдағы жоспарлар, қалай жеткізуге болады. Проблемалардың өзін жәй ғана айқайлап қана қоя салуға бір реттік па? Соны түбегейлі емдеп, сол проблемаларды түбіне дейін шешіп, соны бір қоғамға жеткізу осындай мәселелер т өңірегінде әңгімелер болды.