Түркияның Изник ауданында 4-ші дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды.Әлемнің әр қиырынан келген спортшылар 4 күн бойы бақ сынасады.Олардың арасында Қазақстан құрмасы да бар. Түркия бұл ойынды алғаш рет ұйымдастырып отыр. Біздің осы елдегі меншікті тілшіміз Айдана Әбдуәлиде көшпенділер ойынының ашылу салтанына қатыты.
АЙДАНА ӘБДУӘЛИ - ТІЛШІ - Дүниежүізілік көшпенділер ойыны осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін қырғыз елінде ұйымдастырылып келген халықаралық шараның төртіншісін түркі әлемінің мәдени астанасы Бурсада өткізіледі. Түрксой ұйымы ұйымдастырған ашылу салтанатына Түркия мен Қырғыз елінің президенттері қатысты
Қазақстанның атынан Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов арнайы келді. Спикер көшпенділер ойыны басталмас бұрын ел намысын қорғайтын саңлақтарымен жүздесіп, қыз жігіттерімізді жігерлендірді.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ - Қазір күллі Қазақстан халқы сіздерге жанкүйер болып отыр. Қоржындарыңыз алтынға толсын. Қазақ спортшыларының қандай мықты екенін дүбірлі додада дәлелдеп, ел абыройын асқақтата беріңіздер
ҚҰРМАНБЕК ТҰРҒАНБЕК - КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ - Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстан құрмасы сақадай сай. Өзіңіз айтқандай бүгін алғашқы ойын көкпардан Өзбекстан құрмасын есебімен 8-1 есебімен ұттық. Алла жазса келесі ойынға аттарымызды сайлап шығуға дайынбыз.
Дүбірлі додаға 102 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынасады. Олар – көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі.
Көшпенділер ойынының ашылу салтанатында әлемнін әр түкіпірінен келген 30 солист, 1500 биші, 200 хор , 200 оркестр мүшесі және 200 бүлдіршін өнер көрсетті. Түбі бір түркілердің көне тарихынан бастап бүгінге дейінгі кезеңі көркем сахналанды. Дүниежүзілік спорт сайысы қазанның 2-і күні қорытындыланады.
️