58 мың теңге айыппұл немесе 7 жыл бас бостандығынан айрылу. Жалған ақпарат таратқандарды осындай жаза күтеді. Былтырдан бастап әлеуметтік желілерде жалған ақпаратпен күрес күшейді. Енді жарияланған әр мәлімет саралануы керек. Өйткені, құзіретті органдар таратқан ақпараттар да бұрмалануы мүмкін. Бұл туралы түркі тілдес журналистер қоры өткізген тренинг-семинарда кеңінен айтылды. Жиын барысында факт-чекингтың әдістері талданып, деректерді тексерудің жолдары көрсетілді.
️