Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

672
03.10.2022 08:54

Төреғали Төреәлі Талғардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жас жігітті себепсіз соққыға жықты деп айыпталып отыр. Бұған дейін әлеуметтік желіде бет-аузы қан-жоса болған жігіт пен оны балағаттаған әншінің видеосы тарап кеткен еді. Келеңсіз оқиға Алматы облысындағы Көлсай көлінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Төреғалиға гидтің көзқарасы ұнамай қалыпты. Сосын әнші себепсізден қызметін атқарып жүрген жігітті ұрып соғып, оған балағат сөздерін жаудырған. "Ұлы дала баласынан" таяқ жеген 20 жастағы Бекарыс Қожбановтың әншіге деген өкпесі қара қазандай. Еш себепсіз соққыға жығылған ол істі соңына дейін апаруға бекініп отыр. Қазір бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша іс қозғалған.