Тараз қаласындағы Береке базарынан өрт шықты. Тілсіз жау бүгін таңертең басталған. Өңірдегі өрт сөндірушілерге 7.52-де Мәмбет батыр көшесіндегі «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына 56 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылып, қызыл жалын сағат 8.30-да оқшауланған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр.
️