Түркісанда жиһаз шығаратын цех қоймасынан алапат өрт шықты. 2300 шаршы метрді алып жатқан цехтің екінші қабатында тұтанған тілсіз жау жайындағы алғашқы хабарлама өрт сөндіру қызметіне түстен кейін келіп түскен. Оқиға орнына жеткен мамандар бір сағатта қызыл жалынды ауыздықтаған. Ең бастысы адам шығын жоқ. Әзірге өрттің шығу себебі анықталмады. Келтірілген материалдық шығын есептеліп жатыр.
БАҚЫТЖАН ЗАПАРОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Өрт орнына екінші шақыртумен 43 қызметкер, 14 техника жұмылдырылды. Жалпы ауданы 2300 обьектінің 800 шаршы метрі өртенген. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Өрттің себебі анықталуда. Мемлекеттік өрт қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдармен жергілікті департамент полияциялары ат салысты.
️