Үлгілі отбасылар арасында қалалық байқау өтті

338
03.10.2022 04:41

«Отбасы – алтын діңгек». Дәл осындай атаумен үлгілі отбасылар арасында байқау өткізілді. Ондағы мақсат өнегелі құндылықтарды жаңғырту. Сондай ақ, отбасы мәртебесін арттыру. Қала аумағында ұйымдастырылған шарада сайыскерлер түрлі кезеңдерден өтіп, өзара бақ сынады. Жыл сайын дәстүрге айналған бәсеке қай деңгеңге өткізілді? Түркістанның үлгілі отбасысы атанған жандар кім? Тілші бейнематериалында. 

Сайысқа өтінім білдіргендер арасында 4 отбасы іріктеліп алынды. Алғашқы кезеңде олар ұн өнімдерінен жасалған тағамдарды көпшілікке ұсынды. Ас мәзірінен әділқазылар дәм татып, өз бағаларын берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстың жастар үшін берер тағылымы мол. Өйткені ұлттық құндылықтарды өмір салтына айналдыру аса маңызды міндет деген пікірде. 

ШӘКЕН АМАНТУРОВ – ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ - Барлығының дайындығы керемет. Өздерінің үйіндегі ұлттық нақыштарын үйіндегі дәстүрлерін әр отбасы бір мемлекет дейді сондықтан да әр отбасының өзінің үйійндегі қағидаларын, тағамдарын ұсынып, бойларындағы бар өнерлерін паш етіп келіп отырған барша отбасыға рақметімді айтамын. 

Сайысқа қатысушыларға бірнеше талап қойылды. Алғашқысы, таныстыру кезеңі. Одан соң, өнерлі өрге жүзер сайысымен жалғасты. Отбасындағы отағасының сүйікті асын әзірлеуді жарыстың тағы бір кезеңі ретінде қарастырған.  Біліктілік бәсекесінде «Жакиповтар» отбасы бас жүлдені қанжығасына байлады. 

ЖАКИПОВТАР ОТБАСЫ – ЖЕҢІМПАЗ - Мықты жеңіп, әрқашан да әділқазылар өзінің әділ бағасын берді деп ойлаймын. Барша әріптестерімді бүгінгі қатысқан барлығы жеңімпаз. Бірақ әрине орынға бөлінеді. Сондықтан барша әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Өзімнің отбасымды да құттықтаймын. Өте қазір қуаныштымын. Қуаныштан сөз де келмей тұр. 

Одан өзге, Төлежановтар әулеті бірінші, Өсербаевтар отбасы екінші орынды иеленді. Ал Тілеулиевтер отбасы үшінші орынды місе тұтты. Қатысушыларға қала әкімдігі тарапынан ақшалай сыйақы мен жүлделі сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, аталған сайысты өткізу жыл сайын дәстүрге айналған