БИТУМ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОЙЫЛА МА?
Жолды жөндеуге жылда қомақты қаражат бөлінгенімен оның сапасы сын көтермейді. Өйткені оған дұрыс бақылау жоқ. Сенат отырысында депутат Серік Шайдаров осылай деді. Сондай-ақ ол еліміздегі битум тапшылығына не себеп екенін ашық айтты. Халық қалаулысының сөзінше, өндірушілер битумды делдалдарға ғана өткізеді екен. Осының кесірінен құрылыс маусымының қызған шағында битумның бағасы үш есе артып кетеді.
СЕРІК ШАЙДАРОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ - Елімізде жолдарды салу және жөндеу үшін барлық қажетті материалдар бар. Алайда, отандық өндірістің әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Жаз кезінде шамамен 500 000 тонна көлемінде битум тапшылығы байқалады. Құрылыс маусымының қызған шағында битумның бағасы үш есе артады. Өндірушілер битумды делдалдарға өткізеді. Дизель отынының бағасынан да осыған ұқсас жағдай байқалып отыр.
️