Шәуілдір мен Көксарай арасындағы жолдың биыл да толық бітпейтін түрі бар

263
03.10.2022 04:25

 

Жұрттың ығырын шығарған Шәуілдір мен Көксарай арасындағы жолдың биыл да толық  бітпейтін түрі бар. Өйткені, тапсырыс беруші мен мердігер мекеме бір-бірімен келіспей, соттасып жатыр. Екі ортада халық қиналып қалды. Еске салайық, 25 шақырынан асатын жолды жөндеу  былтыр басталған. Оған 904 млн тг бөлінген. Былтыр жоспарға сай, 321 млн бөлініп,   11 шақырымы жөнделген еді. Қалған  14 шақырымы биыл бітуі тиіс болатын. Қаржысы бәрі бөлінген. Ол ақшаға  көктемде 5 шақырым ескі асфальтті сүріп, тас төсеген. Бірақ маусымнан бері  мұнда қимыл жоқ. Жол жөндеумен айналысатын компания жарты жолға келгенде сөзден тайқып отыр. Сөздерінше битум тапшы, әрі қымбаттап кеткен.  Тұрғындар базынасын тапсырыс беруші мекемеге жеткізіп, жауабын тыңдап қайтқан әріптесім Жандос Тастемірдің материалына назар аударайық.  

Биылға толық қаражат қаралып, жұмыс кестесі де бекітілеген. Бірақ, бұл істі аяқтауға битумның қымбаттауы қолбайлау деп ақталуға тырысты мердігер компания өкілдері. Тапсырыс беруші тарап әу баста барлығын өз мойнына алып, кейін бұл істен басын ала қашқан мердігердің бұл ісін түсінбей дал. Алғашқыда бұл қылығына ескерту берген. Кейін болмағасын 2,2 млн теңге айыппұл салыпты. Екі тарап ортақ шешімге келмей, ақыры арадағы келісімді бұзбақшы. Енді, көпшілік бұл іс осылай  аяқталмай қалып кете ме?-деп алаңдап отыр.

Тапсырыс беруші басқарма қол қусырып жатқан жоқпыз дейді. Мұнда   “Оңтүстік жолдары”  кәсіпорны  тегістеу жұмыстарын жүргізуде.  

ШЕРЗАТ СҮТТІБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Күтіп ұстау есебінен қазір жұмыстар басталып кетті, 1 қабат 4 см салып береміз.Алдағы уақытта келісім шарт бұзылса қайтадан сметадық құжаттама әзірленіп, келесі жылы жаңа мердігермен жұмыс жасаймыз. 4 см ді бұзып қайтадан қаржы қарамаймыз, соның үстіне салып кете береді.» 

Жырға айналған жол қазан айынның соңына дейін аяқталуы тиіс.  Оған  күтіп ұстау жұмыстары есебінен тағы 92 млн қаржы жұмсалыпты.