900-ден астам киік мүйізін сатпақ болған Ақтөбе тұрғыны 5 жылға сотталуы мүмкін

128
03.10.2022 04:21

900-ден астам киіктің мүйізін сатпақ болған. Полицейлер Самара – Шымкент тасжолында 41 жастағы жүргізуші тізгіндеген Ваз автокөлігін тоқтатқан. Оның жүксалғышын тінту кезінде ақбөкен мүйізі бар 7 қорап табылған. Көлік иесі мен жанында отырған жолаушы оның өздеріне тиесілі екенін және мүйіздерді сатқысы келетінін айтқан. Қораптарда 765 дана киік мүйізі болды. Сонымен қатар, ер адамның тұрғылықты жерінен тағы 184 мүйіз тәркіленген. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.