ArtSport бағдарламасы бойынша 6 бірдей қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының прокурорлары хабарлады. Ведомства өкілдерінің мәліметінше, ArtSport бағдарламасына қатысты тексеріс жүргізіліп, бірнеше миллион қаражат жымқырылғаны анықталған. Бюджет қаржысын ұрлау үшін нақты схема қолданылған. 3 мыңнан астам бала шетелде болса да қағаз жүзінде үйірмелерге тіркелген. 5 мыңына сабақ мүлде өткізілмеген. Сонымен қатар, жаттықтырушылардың еңбек құқықтары да бұзылған. Шарттар жасалмаған, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген. Балалармен тығыз жұмыс істейтін 10 жаттықтырушы бұрын сотталған болып шықты. Прокуратура тексеру комиссиясымен бірлесіп алаяқтыққа жол бермес үшін бағдарламаның техникалық аудитін пысықтауда. Тексерулер жалғасып жатыр, нәтижесі тексеріс біткесін жарияланады. Еске саламыз бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 1 қыркүйектен бастап, ArtSport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылатыны туралы айтқан еді.
️