Жетім балаларды баспанамен қамту бағдарламасы

277
03.10.2022 04:12

Жетім балаларды баспанамен қамту бағдарламасы керек. Сенатор Амангелді Толамисов Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. Депутат елімізде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алуға құқығы бар екенін айтты. Қазір осы санатта 70 мыңға жуық азамат тіркелген. Өткен жылы 1 211 адам үй алса, биыл бірінші жартыжылдықта тұрғын үймен қамтылғандардың саны - 300-ге де жетпейді екен.