Ресейден Қазақстанға өте алмай тұрған ел азаматтарына «жасыл дәліз» ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты. Айта кетсем, соңғы күндері ресейліктердің біздің елге қарай ағылуы салдарынан, Қазақстан азаматтары шекарада кідіріп қалды. Сондықтан оларға көмек көрсетілмек. Үкімет басшысының орынбасары Қазақстанға келіп жатқан ресейліктердің көбі транзит арқылы басқа елдерге кетіп жатқанын да айтты. Сондықтан жағдайға байланысты дүрбелең туғызуға негіз жоқ.
️