Он күннен аса уақытқа созылған «ұлы дала жорығы» марафон бәйгесі өз мәресіне жетті. Ұлт руханиятын көтеретін жобаның салтанатты жабылу Түркістанда өтті. Дүбірлі додаға 19 аймақ сәйгүлік қосқан. 1200 шақырымдық аламанда бірінші орынды Маңғыстау командасы қанжығалады. Ал екінші орынды Жетісу өңірінің шабандоздары алса, үшінші болып мәре сызығын Түркістандықтар кесті.
Тұлпардың дүбірін естіп тыныш тұра алмайтын қазақ халқы үшін ұлы жорықтың орны ерекше. Сондықтан да болар, жобаның соңғы мәресін күткен жандар қатары көп болды. Ақырғы аялдамаға Жамбыл облысы бірінші болып келгенімен, жүлделі орынға жайғаса алмады. Себебі, доданың басты ережесі уақыттан ұту.
БАҚЫТЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ – ИДЕЯ АВТОРЫ - Жол негізінде қиын болды...
Қауым ел тағатсыздана күткен сайысқа ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевта арнайы келді. Ол, жастарды отансүйгіштікпен ұлттық рухты көтереін мұндай жоба, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетінін айтты.
ДӘУРЕН АБАЕВ – ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ - Президентіміздің өзі бұл жобаға ерекше мән беру керек екенін айтқан болатын...
1200 шақырымды құрайтын ұлы жорыққа алғашында 19 команда қатысқан болатын. Алайда, ақтық мәре сызығын кіл мықты 4 команда кесіп өтті. Қазылар алқасы мен жоба жетекшілерінің қорытындысы бойынша 1 орынға Маңғыстау облысы жайғасып 24 млн. теңгені қанжығасына байласа, Жетісу өңірі екінші болып 12 млн. теңгеге ие болды. Ал, Түркістан облысы үшінші мінбеге жайғасып 9 млн. теңгені місе тұтты.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Жылқы қазақ халқымен егіз ұғым...
Дүйім елдің назарын аударған «Ұлы дала жорығы» биыл алғаш рет пилоттық жоба ретінде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұл сайыс әлемдік деңгейде ұйымдастырылуы мүмкін.
️