Соңғы 5 айда жазатайым оқиғадан 564 адам зардап шеккен. Оқиғалардың 20 проценті тау-кен металлургия орындарында, ал 10 проценті құрылыста тіркеліпті. 2 КАМЕРА Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр 15 мыңға жуық адам кәсіптік еңбек қабілетінен айырылған. Зардап шеккендерге 15 миллиард теңге қаржылай көмек көрсетіліпті. Ресми статистикаға сәйкес 2020 жылы кәсіпорындарда зерттелген 1,6 млн жұмыскердің 367 мыңы немесе 22%-ы зиянды еңбек орында жұмыс істеген. Олардың басым көпшілігі өнеркәсіптік өңірлерде, яғни Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында еңбек еткен. Ал еңбек инспекторлары қауіпсіздікті қадағаламайтын компанияларға 278 млн теңге айыппұл салған.
️