Мемлекет басшысы IT саласының басшыларымен кездесті

253
29.09.2022 05:49

Қазақстан алдында еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу міндеті тұр. Бұл туралы «Digital Bridge 2022» форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформаларға негізделеді деген болжам бар. Осы орайда ІТ-секторы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып сақталады деді Президент. Сондай-ақ ол Қазақстан БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыздыққа кіретінін атап өтті. Айта кетсем, аталған форум осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр.