Түркістан облысында 4 елді-мекен 1 айдан бері байланыссыз отыр

170
29.09.2022 05:46

Цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыздыққа кіреміз деп биік мінберлерде айтылғанымен, елімізде жарық пен байланысқа да жарымай отырған ауылдар бар. Мәселен, Түркістан облысында төрт елдімекен бір айдан бері байланыссыз отыр. Бәйдібек ауданының тұрғындары жақындарымен сөйлесу үшін тау-тасты аралап кетеді екен. Қалада оқитын балаларынан да айлап хабар ала-алмай отырмыз дейді жұрт. Осылай деп арызданған тұрғындар ауылдағы электр бағаналары әбден тозғанын айтады. Оған қоса бұл елдімекендерде жарықпен таза ауыз су да өзекті. Тақырыпты толығырақ осы өңірдегі тілшіміз жалғастырады.  

Бәйдібек ауданына қарасты Жыланды ауылының тұрғындары қыр кезіп жүр. Себебі елді мекенде байланыс жоқ. Қыркүйек айында қатты жел тұрып мұнараны құлатқан. 

МЫҚТЫБЕК ЖҰМАНОВ - ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Бір ай болды ешқандай интернет, связь деген бәле жоқ-жоқ, аумин болды. Мына жақта Қызыл арық, Амансай, Талап, Түйетас, Жыланды бес бөлімшеде ешқандай интернет жоқ. Ол скорый шақыру, пожарный шақыру мүмкін емес жағдай. Білесіздер ғой, қазіргі заманда оқу барлық мәселесі мұғалімдер қауымында интернет арқылы да. Түнімен қыр- қырда немесе көрші ауылдарға кетеді мұғалімдердің бәрі.   

150-ге тарта түтіні бар Жыланды ауылының тұрғындары электр энергиясы, жол мен ауыз судың да азабын тартып келеміз дейді. Әбден тозығы жеткен желілер жиі үзілетіндіктен апталап жарықсыз  отырады екен.

МАҚҰЛБЕК АЙДАРБЕКОВ - ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Трасформатор күйіп кетіп неғыса бір апта свет болмайды. Свет болмаса су да болмайды. Ол айқайлап үйтіп бүйтіп оны жинап неғыламыз дегенше не биыл осы биыл ала жаздай свет судың проблемасын көрдік. Су жоқ. - Сұрап бардыңыздар ма? - Барып жатырмыз ғой, әкімшілікке барып жатырмыз. 

Жыланды ауылының электр бағаналары бүгінде мына секілді әр үйдің ауласында қисайған күйі қалып қойған. Елу жыл бұрын қойылған бөренелер әбден шіріген. Ал ауыл атқамінерлері бастапқыда электр бағаналары ауданның меншігінде емес деп ақталды. 

НҰРЖАН СЫЗДЫҚБАЕВ - БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ - 2021 жылы жаңағы мәселе күрделенгеннен кейін электр бағанасы мүмкін емес шіріген оған шығып жөндеу мүмкіндігі болмағандықтан оған біз кәдімгідей арнайы мамандарды шақыртып көрсетіп, ол басшысына тікелей шыққанбыз. Не деп жауап берді? –Өздерінің бағдарламасына сәйкес ауысатынын хабарлаған бізге. –Нақты қашан дейді? –Енді біздің Бәйдібек ауданына ол осы 2025- ке дейін қойылған рет ретімен ауысып келе жатыр. 

Ал интернет байланысына жауаптылар бұл уақытша қиындық дейді.  Енді іске жарамай қалған мұнараның орнына жаңасы қойылмақ.

СЕЙСЕНҒАЛИ АРЫСТАНБАЕВ - БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІ БАСШЫСЫ - Мемлекеттік сатып алу атып алу процесстері бар, заявка беріледі, қаржы қарастырады. Сондай мәселелері бар. Одан кейін құрылғылардың бірәз бөлігін шетелден алатын жағдайлары бар. Сондықтан кешеуілдегені рас.   

Қорыта айтқанда шенділер Бәйдібек ауданындағы төрт ауылға байланыс 1-қазаннан кешікпей қосылады деп сендірді. Ал оған дейін интернет іздеген тұрғындар тау тасты жағалап жүруіне тура келетін секілді.