ІІМ мәлімдемесі: Жеке және заңды тұлғалар шетелдіктер туралы хабарлауға міндетті

114
29.09.2022 05:10

Шетел азаматтарына орын беретін қонақ үйлер, жатақханалар мен пәтер иелері өздеріне келушілер туралы Ішкі істер министрлігіне хабарлауға міндетті. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға бірінші ескерту беріледі, ал жағдай қайталанса 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. 

АСЛАН АТАЛЫҚОВ - ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ - Жеке және заңды тұлғалар заңның осы талаптарын сақтауға міндетті екеніне тағы да назар аударамыз. Шетелдік қонақтар өздерінің паспорттық деректерін қабылдаушы тарапқа хабарлауы және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тиіс.