Елімізге айрықша еңбек сіңірген Түркістандықтар мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда, «Водные ресурсы-Маркетинг» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Анарбек Орман І дәрежелі «Барыс» орденімен, еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Сондай-ақ еңбек ардагері Қойшыбай Әріпбай мен сәулетші Нұрғали Имажановқа «Парасат» ордені берілді. Одан бөлек «Южный Казахстан» облыстық газетінің бас редакторы Марина Лимаренкоға «Ерен еңбегі үшін» медалі, орта мектеп мұғалімі Пернебай Арыновқа «Шапағат» медалі табыс етілді.
️