Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты. «YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан Президентке халықаралық әуежайдың бүгінгі тынысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндады. Айта кетейік Түркістан халықаралық әуежай әлемдегі ең жылдам бой көтерген аэропорттардың бірі. Онда қазір қазақстанның бірнеше қаласына оннан астам рейс қатынайды. Одан бөлек, Түркия Қырғыстан елдеріне де жолаушылар осы әуежай арқылы ұша алады.
️