Түркістанда алғаш рет Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесінің 35-отырысы өтті. Бұл бас қосу кеңестің құрылғанына 30 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келіп отыр. Жиында ұйым қатарындағы 10 елден келген 70-ке жуық қатысушы медицина саласының маңызды бағыттарын талқылады.
Ынтымақтастық кеңесінің отырысын ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ашып берді. Өйткені кеңеске биыл Қазақстан Республикасы төрағалық етті. Өз сөзінде еліміздің бас дәрігері кеңес жұмысының жүйелі жүруіне ат салысқан әріптестеріне алғыс білдірді. Және бұл отырыстың Түркістанда өтуі бекер емес деді.
АЖАР ҒИНИЯТ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ - Өткізілетін орын кездейсоқ таңдалған жоқ. 2022 жыл тәуелсіз мемлекеттер достастығында халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жарияланғаны белгілі. Қазақстанның биылғы жылы тмд-ға төрағалық етуін ескере отырып, басқосуымызды денсаулық сақтау достастығының 30 жылдығына орай түркістан қаласында өткізуді жөн көрдік. Бұл екінші мекке деп аталатын қалада ғұлама ақын, философ және рухани тәлімгер қожа ахмет ясауи өмір сүрген. Өзінің дамуында барлық уақытта көптілді болған қала. Бүгін еуропа мен азияны байланыстыратын ұлы жібек жолының бойы бізді күш-қуатқа, даналық пен ізгі ойларға толтыратынына сенімдімін.
Жиынға 10 мемлекеттен денсаулық саласының өкілдері қатысты. Кей бірі онлайн байланысқа шықты. Өзара бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарын айтты. Биыл Кеңес аясында 24-тен астам іс-шара өткізіліп, 100-ден астам мәселе қаралған. Сондай-ақ, Іс-шара барысында қатысушылар қант диабетінің, онкологиялықаурулар мен, туберкулездің таралуының алдын алу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Жиынға қатысуышалар медициналық қызметкерлерді дайындау дені сау қоғам қалыптастырудағы ең маңызды фактор екенін айтады.
ДӘУЛЕТ АЛДЫНҒҰРОВ - ҚР ДСМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ АДАМИ РЕСУРСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ - АУДАРМА:Өкінішке орай, соңғы жылдары бүкіл әлем дәрігерлер тапшылығынан зардап шегіп отыр. Оның ішінде білім сапасының төмен болуы, ресурстарды тиімсіз пайдалану деген секілді проблемалар бар. Болжам бойынша, әлемде 2030-ы жылға 15 млн дәрігер тапшылығы байқалады. Сол үшін биыл 70-і денсаулық сақтау съезінде декларацияға қол қойылды. Ол медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға көмектеседі. 2018-і жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өз баяндамасында Қазақстандағы дәрігерлерді оқытуда модернизация енгізілгенімен, географиялық жағдайға байланысты қиындықтар бар делінген.
Айтпақшы бүгінгі іс-шараға ДДСҰ-ның Еуропа өңірлік бюросының директоры Ханс Клуге қатысты. Ол келесі жылы Қазақстанда біршама үлкен кездесулер болатынынан айтты.
ХАНС КЛУГЕ - ДДСҰ ЕУРОПАЛЫҚ ӨҢІРЛІК БЮРОСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ - АУДАРМА: Менің бұл Қазақстанға екінші келуім. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанмен әріптестігінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. келесі жылы қазақстанда Еуропалық Денсаулық Сақтау ұйымының үлкен жиыны болады. Бұл өте керемет жаңалық. Бұл Алматы декларациясының 45 жылдығы мен Астана декларациясының 5 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сонымен қатар, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 70 жылдығы да келе жатыр. Мен Қазақстан үкіметін құттықтағым келеді. Себебі, Президент заңға жақсы өзгеріс енгізді. Ол темекі өнімдерінің акциздерін көбейту. Бұл қоғамдық денсаулық сақтаудағы өте маңызды қадам деп білеміз.
Енді келесі жылы ұйымға төрағалық ету Қырғыз республикасына беріледі. Тиісінше кеңестің келесі отырысы сол мемлекетте өтеді деп жоспарлануда.
️