Дәл осы форум аясында ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзбекстандық әріптесі Бехзод Мұсаевпен екіжақты кездесу өткізді. Көршілес ел министрлері жиын барысында 2023 жылға дейін денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамыту бойынша «жол картасына» қол қойыды. Сонымен қатар, отырыста 2022-2025 жылдарға арналған Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдаудың Жол картасы таныстырылады. Құжат аясында ақ халаттылар бір бірімен тәжірибе алмасады деп жоспарлануда.
️