Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 20-шы отырысы өтті. Оған Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан Республикасы мен Ресейдің бас прокурорлары қатысты. Сондай ақ, Қытай мен Үндістанның Бас прокурорлары, Үндістанның Бас Солиситоры онлайн байланысты. Кездесудің негізгі тақырыбы елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару бойынша тәжірибемен бөлісу. Жалпы ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің басқа елдермен сауда айналымындағы жыл сайынғы айырмашылық шамамен 675 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл ақшаның бір бөлігі терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға бағытталған. Талқылау шеңберінде делегаттар ұйымға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының әріптестігін арттыру туралы ортақ келісімге келді. Айта кетейік, аталған ұйымның кезекті 21-ші отырысы Қытай Халық Республикасында өткізілмек.
ЖАНДОС ӨМІРӘЛИЕВ - ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Отырыстың қорытындысы бойынша бас прокуратура басшылары одан әрі іс-қимыл және озық тәжірибе алмасу жөніндегі басым міндеттерді айқындайтын отырыс хаттамасына қол қойды. Делегаттар ұрланған активтерді қайтару мәселесінде ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдардың әріптестігін арттыру туралы ортақ пікірге келді.
️