Сүрілген мектеп қайта салынбай қойған. Түркістан облысы Жетісай қаласында үш жыл бұрын бұзылған Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің құрылысы әлі күнге дейін басталмаған. Соның кесірінен мыңнан астам бала бес шақырым жердегі білім ордасына барып, қатынап оқуға мәжбүр. Ал тасымалған бөлінген жалғыз автобус әр баладан күнделікті ақы алады. Тақырыпты толығырақ тілші жалғастырады.
Тау тасы үйіліп жатқан бұл жерде алпыс жылдан астам тарихы бар екі мектептің ғимараты болған. Алайда жергілікті билік оны ескірді деп үш жыл бұрын бұзып тастаған. Сүйтіп білім ұясы былтыр салынып бітуі тиіс болыпты. Алайда оның іргетасы да қаланбаған.
АЙЖАН САПАРБАЕВА - ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Амалымыздың жоқтығынан Горький мектебіне біраз тығылдық. Олар да өзімізге керек деп біздің бала шағамызды шығарып салды. Одан 119 мектебіне бардық. Ол жерден де шығарып салды. Әкімдердің барлығы отыр мал жаны аман. Қаңғырып жүрген біздің Шоқан мектебінің балалары.
Мектепке кеткен ұл-қызы үйіне келгенше көңілі күпті болатын ата-анған ата ана жол бойына бағдаршам орнатса дейді. Себебі, жуырда ғана бір оқушыны көлік қағып кеткен.
ҚАЛДЫҒЫЗ БАЙБАТЫРОВА - ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Бес шақырым жерге барып оқиды балалар, ал көшеде өтетін зиг заг жоқ. Балалар өтетін жай жоқ. Жақына менің көршім баласымен бірге мектептен оқулық алып келе жатқан кезде көлік қағып кетті. Бала ұшып кеткен. Папасының аяқ қолы сынып жатыр.
ГҮЛНӘР БАЙШАНОВА - ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Бір ғана автобус ескі тағы, оқушыларды нығыздап алады. Менің үлкен қызым айтады. Мама ішінде демалу мүмкін емес дейді. Бармаймын мектепке дейді. Сол жаққа жаяу барады.
Ал жауаптылар болса, құрылыс жақын арада бастала қоймайды дейді. Себебі бұған дейін жұмысты аяқсыз қалдырған мердігермен соттасып, уақыт жоғалттық деп ақталды.
ДАНАБЕК ӘБЕНОВ - ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ - 2021 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаны корректировкаға берген. Қазіргі таңда корректировкадан өтіп жатыр. Сараптамадан оң қортынды алынған соң, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүреді да, жеңімпаз анықталады. Жеңімпаз анықталған соң құрылыс жұмыстары басталады.
Мердігердің қашан анықталатынын құрылысқа жауапты сала мамандары нақты білмейді. Сондықтан жетісайлық балалардың тағы бір жыл қатынап оқуына тура келеді. Аудан басшылығы оқушыларды тасымалдауға тек екі автобус қосып беруге уәде берді.
️