Есірткіге еліткен жастар көп

334
26.09.2022 04:17

Синтетикалық есірткіні сататын және тұтынатын азаматтардың қатары өкінішке орай жыл санап артып келеді. Әсіресе есірткіге еліткен жастардың қарасы қалың. Оған себеп психотроптық тауардың бұл түрі қолжетімді, бағасы да қалтаға қонымды екен. Тіптен есірткі саудасымен айналысатындар ақысын төлесеңіз үйіңіздің алдына дейін әкеп беруге дайын екен.  Олқылықтың алдын алу үшін есірткімен күрес арнайы штабы мүшелеріне арналған семинар тренинг өтті. Республикадан мамандар профилактикалық іс-шараларды жүргізу жолын түсіндірді.

Синтетикалық есірткі Елімізге 2015 жылдан бастап кіре бастады. Бұның әсері гашиш, марихуанаға қарағанда   әлдеқайда күшті. Соңғы 8 айда елде 6 тоннадан астам есірткі тәркіленген. Оның 336 кг улы заттың осы түрі.   Осыдан 4- жыл бұрынғымен салыстырғанда 134-кг артқан. Яғни жыл сайын оны пайдаланушылар саны да көбейіп келеді. Ұнтақ Түркістан облысын да жайлап барады.  Облыстың өзінде 60 қылмыс анықталған.   

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ - ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «даласынан бұған дейін қара сора кездестірсек, оған енді синтетикалық есірткі де қосылып отыр.Түркістан облысы төменгі орында тұр. Көбіне солтүстік өңірлері мен нұүр-сұлтан. Бірақ. Түркістандада бар.

Синтетикалық есірткіге тәуелді болатындардың басым көпшілігі 14-21 жас аралығындағы жасөспірімдер екен. Олардың қатары күн санап артуда.  Алғашқыда қызық қуып, бір рет ғана дәмін татып, иіскеп көрген адам, кейін оған қалай тәуілді болып қалғанында білмейді. Биылдың өзінде кәмелетке толмағандара арасында 15 қылмыс анықталған. Бұғанасы қатып үлгерменген 101 жеткіншек наркологиялық есепте тұр. Оның ішінде Түркістан облысының жастары да бар. Жағдайдың бұлай құбылуына көбіне 3 фактор себеп болады екен.  

Интернетте синтетикалық есірткілер ашық саудаланып жатыр.  Кез-келген жасөспірім сайтқа кіріп төлем жасап, улы затты уысына оңай түсіруде.   Тіпті, үйіңе де жеткізіп береді. Осыған байланысты Жуырда мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болу керектігіне тоқталды. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ: «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын».  

Президент пәрменіне сай, ІІМ кешенді тапсырма әзірленуде.  Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше,  елімізде 20 мыңға жуық нашақор есепте тұр. Оның 1,5 мыңнан астамы – әйел, ал 43-і  жасөспірім. Халық саны 20 миллионға да жетпеген ел үшін бұл үлкен қауіп қатер дейді мамандар.