Медиация дамып келеді

477
26.09.2022 04:11

2022 жылдың 9 айында сотқа түскен мың жарымға жуық талап арыз өзара бітіммен аяқталған. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының өкілдері мәлімдеді. Істің медиациямен бітуінің тиімді тұсы азаматтар табынын тозыдыр сот процесіне сандалмайды. Себебі арыз-шағымдар онлайн форматта қаралады. Арызданушы медиаторды өзі таңдауына болады. Тиісінше бітімгер қашықтан кеңес береді. Содан кейін ғана өтініш электронды нұсқада қабылданады. 

АЯТ АЛШЫНБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТАТУЛАСТЫРУШЫ СУДЬЯСЫ – Биылғы сот бүкіл аудандық соттардың арасында былтыр 9 айда 1020 татуластыру азаматтық істер бойынша жасалған. Қазіргі таңда 2022 жылдың биылғы 9 айда 1422 татуластыру былтырғыға қарағанда оның өсімі жақсы. Себебі халықтыңда татуласу өздеріне тиімді екендерін біліп сотқа деінгі соттан кейінгі сот процестерімен татуласып жатқандары байқалады.  

Медиацияны одан әрмен дамыту мақсатында Түркістан облыстық соты мен халықаралық медиация орталығы өзара меморандум түзді. Жиынға аудан қаладағы медиаторлар қатысты. Бастама бітімгерлердің өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттыруға сеп болмақ. Осы арқылы сот корпусының да жұмысы жеңілдейтіні анық.  

ТҰРЫСБЕК МЫЯТБЕКОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ – Бүгінгі таңда мынау медиация тәртібі біздің жаңағы мемлекет басшысымен және жоғары соттың төрағасымен сот корпусының алдына қойып отырған бір үлкен мәселе. Өйткені тараптар сотқа келмес бұрын осы медиаторларға барып, татулату рәсімінен өту керек.