Шымкенттік үш азамат шетелде демалуға жолдама ұтып алды. Олар «Еврика» сауда орталығының ұтыс ойынына қатысқан. 20 маусымда басталған акция 20 тамызда қорытындыланған болатын. Оның жеңімпаздары бүгін анықталып, өздеріне тиесілі сыйлақтарына қол жеткізді.
«Эврика» мобильді электроника тұрмыстық техника дүкендер желісі ұйымдастырған акцияны жеңімпазы атанды. Бағы жанғандардың бірі жақын арада Дубайға, ендігісі Анталияға, кейінгісі Мысырға ұшпақ. Барып келу шығыны, жатын орны барлығы да су тегін. Мұндай мүмкіндікке ие болғандардың бірі Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны Гүлмира Тұтқышбаева. Ол аталған сауда орталығынан мұздатқыш сатып алған екен.
Дәстүрлі акцияға биыл 55 мыңнан астам адам қатысқан. Оның ішінде 3 жеңімпаздан бөлек тағы жүздеген адамға тұрмыстық техника берілді. Эврика дүкенінің өкілдері бұл акцияны алдағы уақытта та тұрақты ұйымдастырамыз дейді.
Биылғы акцияға 55000 нан астам сатып алушы қатысқанына өте қуаныштымын. Сондай-ақ 355 тен астам тұрмыстық техника электрониканы сыйға тарттық. Сіздерді тағыда шын жүректен құттықтаймыз.
Evrika сауда дүкені халықты сапалы техникалар мен қамтамасыз етуде. Бүгінгі ұтыс ойындары тұтынушылармызға арналған құрмет, әрі олардың ынтасын ояту үшін жасалған қадам дейді мамандар.
️