Сенат депутаттары Республика күнін қайтару туралы заңды қабылдады. Енді 28 қазан ресми түрде демалыс болады. Республика бойынша мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Ал 16 желтоқсан еске алу күніне айналады. Сондай-ақ бүгінгі жоғарғы палата отырысында 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылды. Бұл күн Мемлекеттік рәміздер, Алғыс айту және қоғамдық маңызы бар өзге күндер секілді аталып өтеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалмайды. Айта кетейік, 2009 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні ресми мерекелер тізімінен шығарылған болатын. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың отырысында бұрынғы мерекені қайтару қажеттігін мәлімдеді. Себебі дәл сол күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.
️