11 елдің денсаулық сақтау саласы қызметкерлері Түркістанда бас қосты

210
23.09.2022 04:54

Бүгін Түркістанда ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы өкілдері жиналды. Бұл басқосу аталған сала өкілдерінің өзара ынтымақтастық кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуымен  тұспа тұс келіп отыр.11 елден келген 70-ке жуық ақ халатты азаматтар денсаулық қорғау ісіндегі ынтымақтастықты жандандыру бойынша сөз қозғады.

Бұл тәуелсіз мемлекеттер достастығының денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің Қазақстандағы алғашқы кездесуі. Оған ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният төрағалық етіп, «цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.  Жан жақтан жиналған өз саласының білгірлері өзара тәжірбие алмасып, цифрлық жүйелерді дамыту жөнінде баяндады.

БЕХЗОД МУСАЕВ – ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ - Алдымен бүгінгі жиынды осындай керемет жерде өткізуге ат салысқан ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді. Қозғалып жатқан тақырып та қызық әрі күнделікті өмірде маңызы зор.осыдан 20 жыл бұрын цифрлық жүйе дәл осылай дамып кетеді деп ойламадық. Ал қазір күнделікті қажеттіліктердің бәрі осы жүйелер арқылы іске асады. Сондақтан бізде  пациенттердің талабына бейімделуге міндеттіміз.

Елімізде жыл сайын денсаулық саласын цифрландыру жобалар жүзеге асып жатыр. Осы уақытқа дейін 20-ға жуық мобильді және веб-қосымшалар енгізілген, олар интеграцияланды.Енді «egovmobile» мобильді қосымшасында жаңа «egov.densaulyk» бөлімі әзірленуде, ол халыққа арналған ауқымды ақпараттарды қамтымақ. 

Мұндай сессия жыл сайын тмд елдерінде кезекпен өтеді. Кеңес мүшелері былтыр беларусь республикасында жиналса келесі жылы қырғыз республикасында бас қоспақ.ал,күні ертең түркістанда қатысушылардың 34-ші отырысы өтеді деп жоспарлануда.