Міндетті медициналық сақтандыру мәселесі

304
23.09.2022 04:49

Елімізде 177 мың адам ерікті түрде медициналық сақтандыру жүйесіне енген. Дәл осы сақтандыру төңірегінде “әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары тұрғындармен кездесу өткізді. Жиын барысында жұртшылық алаңдатқан сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар МӘМС-ке жаңадан енген өзгешеліктермен танысты. Енді медициналық тсақтандырылмаған тұрғындарға оның ішінде маусымдық жұмыс істейтіндерге жеңілдік жасалыпты.

АСХАТ БЕЙСЕНБАЕВ – «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ - Бір артықшылық туындап отыр. Мәмс жүйесіне өзгеріс еніп отыр. Ол 4 шілдеде шыққан заңнама бойынша 5 қыркүйекте күшіне енді. Бұрын қордаланған қарызларын төлеп 1 жылға артқа шегеріп соны төлеп барып қатысатын. Қазір ондай емес яғни 12 айға дербес төлеуші ретінде қатысады.