Шымкенттегі төбелеске қатысты аппелияциялық сот отырысы өтуде

208
23.09.2022 04:39

Шымкент қалалық соты оншақты адамнан тяқ жеп, темір торға қамалған жігіттердің ісін қайта қарауға кірісті. Әлеуметттік желіде кең тараған базар маңындағы қырғын үшін аудандық сот ағайынды Мамыровтардың үлкенін бір жыл 3 ай, кенжесін бір жыл бір ай бас бостандығынан айырған болатын. Бұған келіспеген сотталушының қорғаушылары апелляциялық шағым түсірген еді. Бір жарым ай дегенде іс Шымкент қалалық сотында қайта өтті. Процеске бұл жолы журналисттерді кіргізгенімен, камераларын өшіруді сұрады. Десек те судья отырысты 27 қыркүйекке қалдырды.