Түркістан облысындағы өртенген Күлпаршын базарында зардап шеккен 600-ден астам саудагерге жаңа орын берілмек. Сондай-ақ бір жылға дейін салықтан босатылды. Қазір онда жұмысшылар екі ауысымда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жаңа базардың сауда нүктелері қауіпсіз етіп салынуда. Аумақ 6 секторға бөлініп, инфрақұрылым тартылып, жол жөнделуде. Ал тауарлары жанып кеткен кәсіпкерлерге «Ырыс» қаржы ұйымынан жеңілдетілген несие берілді. Олар қазір қайта іске кіріскен. Кеткен шығын арнайы құрылған қор есебінен өтелетін болады.
РАШИД АХМЕДОВ - БАЗАР БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Бұл базардың 30 пайыз өртенбеген жері бар. Қазір сол жерлерге уақытша болса да сөре қойып, халық шығып жатыр. Көрші базарымыз бар, қалғаны сол жаққа барып жайғасты.
️