Броконьерлер қолға түсті

242
23.09.2022 04:29

Түркістан облысында броканерлік басылмай тұр. Табиғат анаға зиян келтіретіндерге тоқтау қою үшін орманшылар күндіз-түні қас қақпай жұмыс істеуде. Заңсыздықтың алдын-алу мақсатында облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бірлесіп рейдік іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде күні кеше табиғи парк аумағында заңсыз балық аулаған қос бірдей азамат ұсталып, табиғатқа келтірген шығынды өтейтін болды. 

Айыппұл арқалаған азаматтардың көлігінен жиырма келіге жуық сазан және басқада балықтардың түрлері табылған. Қазіргі таңда олардың табиғатқа келтірген нақты шығыны анықталуда дейді мамандар.