Астанада мас адам екі көлік ұрлап жол апатын жасады

171
23.09.2022 04:24

Астанада мас халдегі азамат көлік ұрлап, екі көлікті соқты. Жол апаты орын алғанға дейін, елордалық тұрғын өзінің мерседес гелендваген көлігін әлдекімнің ұрлап кеткенін айтып полицияға шағымданған. Бейнебақылау камераларын қарау барысында үйдің ауласында белгісіз ер адамның жүргізуші әйелді аңдып тұрғаны анықталды. Әйел көлікті оталдырып, үйіне кіріп кеткенкезде қаскүнем рөлге отырып, Land Cruiser 200 автокөлігімен соқтығысып, көлікті әрі қарай айдап кете берген. Сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында Lexus автокөлігімен соқтығысқан. Сол уақытта полиция қызметкерлері қаскүнемді қолға түсірді. 34 жастағы ер адам орташа ауырлықтағы мас болғаны анықталды. ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігіне сәйкес көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін ұсталған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оған қоса ҚР ҚК-нің 200-бабы "Айдап әкету" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.