Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірі өркениетті орынға айналады. Бәйдібектік жеке кәсіпкер туристік нысанды өз қамқорлығына алып, айналасын абаттандыруға кірісіп кетіпті. Тіптен табиғаттың тамашасын көруге келетіндерге арнап бірнеше жоба да әзірлеген. Мәселен Нысан тау беткейінде орналасқан соң мұнда жетудің өзі мұң. Жолды тазартуға техникалар да тартыла алмайды. Сондықтан 4-5 адамның қол күшімен жалғыз аяқ жол бетондалып жатыр екен.
НҰРҒАЛИ РҮСТЕМБЕКОВ - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - Өзім көп ойлап жүретінмін, елге қандай пайда тигізсем екен деп. Бір күні әкем шырақшылық жасаған Ақмешіт үңгірін өркениетті аймаққа айналдыруды жөн санадым. Бала кезімізден осы жерге қызмет жасағандықтан, ұрпағымызға үлгі мұра болсын деген ниетті алға тарттым. Мақсатым Ақмешіт үңгірін өркениетті аймаққа айналдыру. Дереу қолыма қағаз қалам алып сызбасын, жоспарын түсірдім.
Одан бөлек туристер үшін қонақ үй салу жоспарлануда. Одан бөлек үңгір маңында түрлі ағаштар екпек. Сондай-ақ моно ауыл салынып, киіз үй құрылмақ. Адамдар демалатын орындықтар орнатылады.
НҰРҒАЛИ РҮСТЕМБЕКОВ - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - Төбеден үш қонақ үй түседі. Содан кейін алдын летний плошадкалар түседі. Жас балдармен келгендерге ойын алаңы. Ол жерден төрт бес гектар жер қоршалады. Оның ішіне саябақ қылып демалыс аймағына айналдырсақ па деген ой. Қасына этно ауыл қазақи қымызхана ашып келушілерге ұсынуды қолға алсақпа деген жоспар бар
Егерде қолға алынған жұмыстар толықтай жүзеге асырылса киелі мекенге келушілердің саны күрт артатыны анық. Осылайша Бәйдібек ауданының тұрғындары туризімнің дамуына өз үлестерін қосып отыр.
️