Кентаулық зейнеткер 7 га жерді жалғыз өзі игеріп отыр. Қарнақ ауылында тұратын Оразбекқажы үйінің ауласын бауға айналдырған. Онда алмұрт,алма,шабдалы секілді жеміс ағаштары бар. Одан жылда 30-40 тоннадай өнім жинап алады.
Қарнақ ауылы шыбық қадасаң шынар өсіп шығатын мекеннің бірі. Мұнда бақша ісімен айналысушылар қатары да көп. Бұған дәлел Оразбек қажының ауласы. Қазір мұнда алманың 5 түрі жайқалып тұр. Голден, серемиянка, хрестиян сұрыптарын кездестіресіз. Одан бөлек, алмұрт пен өрік, шабдалыда бар. Жалпы 7 га аумақта 1400 түп жеміс ағашы отырғызылған.
Оразбек қажының бұл іспен айналысқанына 40 жылға жуықтапты. Жазғы маусымда 10 тонна өнім алған. Жыл соңына дейін 30-40 тоннаға жуық өнім жинауды көздеп отыр. Бұл жерде жиын терім кезінде 20-25 адам жұмыс істейді. Әр көктем, күзде көшетін алып кететіндер де бар. Тіпті, ынталы азаматтарға ақыл-кеңес беруге де дайын. Бірнеше талапты ескеру керек дейді. Мәселен, жеміс ағашын бір-біріне жақын орналастыруға болмайды.
ОРАЗБЕК ҚАЖЫ БАБАХАНОВ - БАҒБАН - Біреулер жақын егіп қояды. Ол болмайды. Селитра жолатудың керегі жоқ. Амофос ол селитраға жатпайды. Өсуге күш береді. Жақсылап қарасаң жақсы береді ғой.
Бағбан мемлекеттен гектарына 400 мың теңге субсидия алып отыр. Одан бөлек лизингке техника алған. Сөйтіп, ісін дөңгелетуде. Жалпы, ауыл азаматтарының бәрі еңбекқор. осындай кәсіп бастаған азаматтар қатары аз емес.
Таза әрі табиға өнімге қашанда сұраныста көп болары анық. Сондықтан, бағбандар өнімдерін Түркістан, Кентау қаласының базарына апарып сатады.
️