Түркияның Бурса қаласында қырғыздың Манас эпосын орындаудан әлемдік рекорд жаңаруы мүмкін. Анадолы жерінде басталған Манас апталығында Қырғызстанның белгілі ақыны Рысбай Исаков жырды 115 сағат оқымақшы. Оған әр 20 сағат сайын тамақ жеп су ішуіне мүмкіндік беріледі. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ұйытқы болған шараға Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан 20-ға жуық манасшы қатысуда. Еліміздің атынан Манас жырын белгілі ақын Баянғали Әлімжанов оқиды. Шара қыркүйек айының 28 күні қорытындыланады. Айта кету керек, эпосты былтыр манасшы Долот Сыдыков 111 сағат оқыған.
СҰЛТАН РАЕВ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКСОЙ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ - Негізгі мақсатамыз Манас эпосын дүниеге жайылту, сондай-ақ Манас эпосын түркі дүниесіне таныту біздің негізгі миссиямыз.
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ - МАНАСШЫ - Қолдап тілек қосайық депкелдік. Қазақ-қырғыз. Манас - қырғыздың мұрасы. Жалпы түрік халықтарының қазынасы. Бүкіл адамзаттың игілігі. Сондықтан қолдағалы келдік. Сәттілік болсы. Бұл үлкен шара. Бізде манас айтамыз. Манасшы бауырларымыз келіп жатқанына қуаныштымыз.
️