Түркістанда «Балалар мен жасөспірімдер клубының» ашылғанына 1 жыл толуына орай Үлкен теннистен алғашқы ашық біріншілік өтті. Жарысқа 8 бен 14 жас аралығындағы балалар мен 16 жастан жоғары жасөспірімдер қатысты.
Бақытжан Мұқадас Шымкент қаласының тумасы. Ол теннис үйірмесіне 5 жасынан бері қатысып келеді екен. Небәрі 8 жастағы жеткіншектің болашағынан күтер үміт көп. Мұны Бақытжан бүгінгі ашық біріншілікте тағы бір дәлелдеді.
БАҚЫТЖАН МҰҚАДАС - ТЕННИСШІ - Менің теннистегі мақсатым бірінші орын алу. Мен әлемдегі ең мықты теннисист болғым келеді.
Ашық біріншілікті Түркістан қаласы әкімдігі мен Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе ұйымдастырған. Спорттық шараға Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда облыстарынан 10 нан астам бала мен жасөспірімдер қатысты. Шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттыру. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай 4 категория бойынша өтеді.
СЕРІКҒАНИ КӨШЕРОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – Бұл жарыстың мақсаты жалпы Түркістан облысында осы үлкен теннисті дамыту. Өйткені барлық облыс орталықтарында салынып бітті. Біздің осы кешенімізде құдай қаласа міне жаңадан ашылған кешен. Бұл кешенде спорт залдарда үлкен турнирлер өтуге болады.
Жарыс 21-25 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандардың қоржыны бос қайтпақ емес. Айта кетейік Түркістандағы жаңадан салынған теннис орталығы жұмысын бастады. Онда түрлі жастағы адамдардың жаттығуына мүмкіндік бар. Ал, 5 жастан 14 жасқа дейін балалар ақысыз қабылдануда. Ал үлкендер жеке бапкер жалдаймын десе, ол жағдайда қарастырылған.
️