Түркістанда бокстан облыстық чемпионат аяқталды

472
23.09.2022 04:01

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының   чемпионаты аяқталды. Сайрамда өткен жарысқа 260-тан астам  жас боксшы  қатысты. 15-16 жастағы жасөспірімдер 15 салмақ бойынша  жұдырық түйістірді. Нәтижесінде, 66 келі  салмақта Ерасыл  Әшірбай, 48  келідегі Ұзақбай  Ерәділ жеңіс тұғырынан көрінсе, 50  келі  салмақта  Жұмабек  Азамат жеңімпаз атанды.  

Енді, жеңімпаздар қазанда Жамбыл  облысы, Шу  қаласында өтетін  аймақтық  Қазақстан біріншілігіне  қатысады. Мұнан соң аймақтық  жарыста  жүлде  алғандар қараша  айында  Қостанай  қаласында  өтетін  Республиканың   ақтық  чемпионатында  бақсынайды  деп  күтілуде.