"Miss Qazaqstan 2022" сұлулық байқауының 26-шы маусымы басталды

206
22.09.2022 10:28

 "Miss Qazaqstan 2022" сұлулық байқауының 26-шы маусымы басталды. Еліміздің басты мәдени байқауына 17-25 жас аралығындағы, бойы 165-185 см шеңберіндегі, тек сұлулығымен көзге түсіп қана қоймай, шешендік өнері басым, білімдарлығы жоғары арулар қатыса алады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ауқымды финалдық шоу, жұлдызды қазылар алқасының әділ таңдауы, әлеуметтік проблемаларды шешуге мен қайырымдылықты белсенді дамытуға және өзін әлемдік аренада танытуға таптырмас мүмкіндік беруге бағытталған жобаның толық жаңартылған тұжырымдамасы – биылғы сұлулық байқауында аруларды не күтіп тұрғанын айтамыз. 

Еліміздің басты мәдени байқауына 17-25 жас аралығындағы, бойы 165-185 см шеңберіндегі, тек сұлулығымен көзге түсіп қана қоймай, шешендік өнері басым, білімдарлығы жоғары арулар қатыса алады.  Қазақ және ағылшын тілін жетік білу финалиске қызық әрі ерекше жарыс жолында жеңіске жетуге мүмкіндік беретіндігін баса айту керек. 

"Miss Qazaqstan" байқауы - халқымыздың мәдени және этникалық негіздерін сақтау, насихаттау және мәдени мұраны дәріптеу. Сонымен қатар, байқау сұлулардың сырт келбетін ашып қана қоймай, олардың рухани сұлулығын танытуға және қазіргі жастардың бір-біріне және өз тарихына деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетіп, тәрбиелеуге тырысады.